Мемориалдық тақта орнатылды

Өткен жылдың 3 тамызында майдангер Александр Тимофеевич Кияткин дүниеден озды. Марқұмның қайтқан күніне орайластырып, майдангер тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. Александр Кияткин – екі бірдей «Даңқ орденінің» кавалері. Ол бозбала шағынан еңбекке араласып, майдан шебінде Отан үшін күрескен жан. Ардагер Белоруссия мен Польшаны азат етіп, Берлинді алу операциясына атсалыс-
ты. Александр Тимофеевич – Зеренді ауданындағы Серафимовка ауылының тумасы. Ол кейін Көкшетау қаласында 7 жылдық мектепті тәмамдапты. Оқу орнын бітірісімен қазіргі «Тыныс» зауытында миналар мен снарядтар құрастырып, қарым-қабілетін жетілдірді. Таныстарының арасында сыйлы болғандықтан, ашылу салтанатына әріптестері мен достары  келді. Айта кетейік, биыл облыс орталығында елдің сыйлы азаматтарын еске алу мақсатында 6 мемориалдық тақта орнатылды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий