Менің дауысым – бұхараның өз үні

Көкшетау қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Дос-тар» мәдениет сарайында Тәуелсіздік күні мен Көкен Шәкейұлының 95 жылдығына арналған «Менің дауысым – бұхараның өз үні» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Айтысқа қатысқан қала әкімі Амангелді Смайылов баршаны Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жас ақындарға сәттілік тіледі. Шаһар басшысы Ерік Асқаров атын-дағы облыстық ақындар орталығының жетекшісі Жарқын Жұпарханға дәстүрлі өнерімізді рухани және мәдени жаңғыртуға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті. Сөз додасында көкшетаулық көрерменнің көзайымына айналған нұрсұлтандық Ардакерей Кәп, алматылық Аяулым Жұмабек, ақтөбелік Нар-тай Тілеуқұл, ақмолалық Ерлан Дәулет, Құрмет Құралхан, қызылжарлық Жұмабек Рақым, Жарқын Жұпархан, қостанайлық Тоба Өтепбай, көкше-таулық Думан Самат, Нұрислам Әбділ сияқты жас ақындар өнерлерін ортаға салып, ел алдында бақ сынасты. Ақындар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін, соның ішінде елдегі халық достығын, береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты тілге тиек етіп, Көкше өңірінің асыл перзенті Көкен Шәкейұлының шығармашылығы жайлы ой толғады.
Айтыстың бас жүлдесін ақмолалық Ерлан Дәулет жеңіп, бағалы сыйлық – ұялы телефонға ие болды. Бірінші орын және теледидарды ақтөбелік Нартай Тілеуқұл, екінші орын және теледидарды алматылық Аяулым Жұмабек, үшінші орын мен теледидарды
К. Шәкейұлы атындағы жас ақындар мектебінің шәкірті Думан Самат еншіледі.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий