Менің дауысым маңызды!

«Жайлау» мөлтек ауданына қарасты №21 орта мектепте орналасқан №25 сайлау учаскесінің дайындық барысын бұдан бұрын облыс және қала басшылары келіп, көріп кеткен еді. Таңғы сағат жеті болысымен осы маңда тұратын адамдар ағылып келіп жатты. Өйткені, әр адам өз болашағы үшін дауыс беретініне сенімді. Еңкейген қариядан бастап, кәмелеттік жасқа толған жастар да бірінен соң бірінің дауыс беруі осының айқын айғағы. Байқаушы Сара Ташкенова күндізгі сағат 13.00-ге дейін тізімдегі адамдардың жартысы келіп, өз таңдауын жасағанын айтты.

№25 учаскеде барлығы 2980 сайлаушы тіркелген. Биыл тұңғыш рет өзінің таңдауын жасауға мүмкіндік алған мектеп оқушысы Марем Албакова – осы №21 орта мектептің биылғы түлегі екен. «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі-лісіне, облыстық және қалалық мәслихаттарға депутаттарды сай-
лауға қатысу мен үшін үлкен бақыт.
Түні бойы қатты толқып, ұйықтай алмай шықтым. Еліміздің болашағы, оның өркендеуі, дамуы – жастардың қолында. Әрі биылғы сайлау Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осындай маңызды кезеңде өзімнің таңдауымды жасайтыным мен үшін үлкен оқиға. Көп дауыс алған партияның өкілдері елімізді, оның ішінде біздің өңірді дамытуға үлесін қосады деп сенемін», – деді. Он сегіз жасар Марем Албаковаға учаске төрайымы Қуаныш Нұрғалиева арнайы сыйлық табыс етті.
«Жайлау» мөлтек ауданының тұрғыны Абай Тәшенов жұбайымен осында келіп, таңдауын жасады. «Халық қазір өте сауатты. Олар өмірінің гүлденгенін қалайды. Мысалы, біздің шағын шаһардың әлі де шешілмеген мәселелері көп. Соған халық қалаулылары назар аударса деймін», – десе, таяғына сүйене жеткен Рамазан Ақпаров ата ентігін басып, орындыққа жайғасты. 1937 жылы дүниеге келген қария осы жасқа жеткенше бірде-бір сайлаудан қалып көрмепті. Бұл жолы да балаларына қолқа салып, осында асыға жетті. «Біз көрген заман мен қазіргі заманды салыстыруға болмайды. Қазір ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Бүгінгі жаңалық ертең ескіріп, ертеңгі жаңалық бұрнағы күні қолданыстан шығып жатады. Оған таң қалуға болмайды. Қазіргі заман жастардың заманы. Сондықтан дауысымды жастарға беруге келдім. Олар өте білімді, сауатты. Көп нәрседен хабардар. Мен жастарға сенемін!», – деп сөзін түйіндеді көкірегі ояу, көзі ашық атамыз. Рамазан атайға да сайлау учаскесінің төрайымы арнайы сыйлық тарту етті.
Сайлау учаскесіне ағылып келіп жатқан халықтың нөпірі бір толастамады. Қала бойынша мұнда ең көп адам тіркелген екен. «Бұдан бұрнағы жылдары сайлаушылардың саны аз болатын еді. Қазір қала үлкейіп, тұрғындар саны осы «Жайлау» мөлтек ауданында көбейгенін тізім жасағанда байқадық. Ауылдан шағын шаһарға көшіп келіп жатқандар өте көп екен. Олар баспана тұрғызып, балаларының болашағын жасау үшін осында келеді. Дауыс берушілердің белсенділігі соған да байланысты болуы мүмкін», – дейді учаске төрайымы Қуаныш Нұрғалиева».Менің дауысым маңызды деген әрбір азамат бұл күні өзінің сайлау учаскесінен табылды. Олар таңдауын жасады. Ендігі үміт – депутаттарда.

DSC_5438

***

Біраз жылдардан бері Біржан сал атындағы музыка колледжі ғимаратында орналасқан №7 сайлау учаскесіне келіп дауыс береміз. Келушілерді ән-күйі ойнап, жайдары қарсылайтын бұл учаскеде дауыс берушілердің де дені таныс, бәрінің де жүзі жарқын, көңілдері көтеріңкі. Адамдар басқалардың да ел болашағы үшін белсенділік танытқаны үшін қуанғандай, қол алысып, құттықтасып жатады. Білім ордасында сайлаушылар үшін барлық жағдай жасалынған. Бәрі түсінікті, бәрі орнында, қолайлы. – Жалпы, біздің учаскеде 2886 адам дауыс бермек. Міне, мына қарқынмен келе берсе еш кемшілігіміз болмайды, – дейді учаскенің төрағасы Мұхтар Сайдалин.
***

Саяси өрлеу жағдайында

№5 «Таңдау» мектеп-гимназияға келіп дауыс берушілерге осы білім ордасында оқитын дарынды оқушылар концерт қойды. Көрермендер, әсіресе 2 сынып оқушысы Ілияс Аманжолдың өнеріне риза болды.

Қаланың орталығында ор-наласқан білім ордасының №22 сайлау учаскесінің төрайымы тізіміндегі 2733 адамның қырық пайызға жуығының таңертеңгі кезеңде дауыс беруін, саяси науқанға дайындық жұмыстары-ның тыңғылықты жүргізілгенімен түсіндірді. Комиссия мүшелері сайлаушылар тізімін пысықтау мақсатында, шақыру билеттерін үй-үйге алдын ала таратты.

Краснояр селолық округінің аумағындағы бес сайлау учаскесіңде дауыс беру белсенділік жағдайында өтті.

«Көкше» мәдениет үйі, №3 агротехникалық колледж, спорттың
ұлттық түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, №2 Краснояр орта мекте-бі, Чайкино поселкесіндегі №15 негізгі мектепте орналасқан №1, 2, 3, 4 және №57 сайлау учаскелерінде дауыс беру таңертеңгі жетіде бас-талып, өздерінің конституциялық құқықтарын алғашқы болып орындаған жас сайлаушылар сыйлық алды. Қардың ерте еруіне байланыс-ты ауылдық жерлерде адамдар-дың жүріп-тұруында қиындықтар болғанымен, дауыс беруде іркіліс болған жоқ. Қарт адамдардың үйде дауыс беруі ұйымдастырылды және округ құрамындағы елді-мекендерде кезекшілік ұйымдастырдық. Міне, алдын ала ұйымдастырылған жұмыс өз нәтижесін беріп, ауыл тұрғындары дауыс беруде белсенділік танытты.

№30 сайлау учаскесінде сайлауға ақсақалды қариялар мен ақ жаулықты аналардан бастап жаңа ғана отбасын құрып, некеге тұрған жас жұбайлар мен өмірінде тұңғыш рет дауыс беру құқына ие болған азаматтарға дейін белсенді түрде қатысты.

Көпбалалы ана Айхан Тұрысова ел тыныштығы мен жасампаздығы үшін дауыс беруге келгенін айтты.
Отанымыздың жеткен жетістік-теріне марқайып отыратын ана өзінің балаларына да сайлаудың ел үшін алар орны орасан зор екен-дігін саналарына сіңіріп келеді. Қазақстан мемлекетінің бүгінгі шыққан белесі мен бағындырған биіктеріне үлкен қуанышын білдіре отырып, алда Қазақ елінің асар асуы мен жетер жеңісінің молдығына бек сенімді екенін мәлімдеді. Алғаш дауыс беруге келген Әділ Балтабек елімізде жастар үшін ұшан-теңіз жағдай жасалып отырғандығын және ел ертеңі – жастар сайлаудан тыс қалмау керектігін айтты. Сайлау учаскесінде таңғы 7.30-дан 9.00-сағатқа дейін 150 сайлаушы өз таңдауларын жасап үлгергенін білдік. Мұның өзі халықтың қоғамдық-саяси өмірде белсенділігі жоғары екенін тағы бір аңғартты. – Біздің учаскемізге 2500 сайлаушы тіркелген. Төрт сағаттан астам уақытта 700-ге жуық адам келіп өз таңдауларын жасады. Шетелдік және отандық байқаушылар да келіп, сайлау барысын өз көздерімен көрді. Денсаулығына байланыс-ты келе алмаған ардагерлер мен зейнеткерлер үйде дауыс берді, – деді аталған сайлау учаскесінің төрайымы Айгүл Темірбекова.

***

Пікір айтамын

Қарлығаш КЕНЖЕКЕЕВА,
№6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

– Сайлауға белсенді қатысу – ел азаматы ретінде маңызды шешім қабылдау. Әр тұрғын қала келешегі мен ел ертеңі үшін өз таңдауларын жасады. Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы ел экономикасына оң өзгерістер жасауға мүдделі болмақшы. Әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан көрінуге ұмтылған Қазақстанда қоғамның аманатын арқалаған көппартиялы Парламент елдің әлеуметтік жағдайына да баса мән беретіні сөзсіз. Енді халық қалаулысы атанған адам-
дар сенім үдесінен шығып, әлеуметтік-экономикалық жағдай-ларды жақсартуға өз үлестерін қосады деген үміт мол. Өйткені, алдына асқақ міндет қойып отырған елдің Парламентіне де, Үкіметіне де жүктелетін жауапкершіліктің орны бөлек.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс