«Менің таза үйім» акциясы

 Ақмола облысының іскер әйелдер ассоциациясы 14-31 мамыр аралығында «Менің таза үйім» облыстық акциясын өткізуде. Көкшетау қаласында өткен алғашқы шара барысында «Әйелдер», «Отан қорғаушылар», «Күн балалары» деп аталатын аллеяларда ағаш отырғызылды.

Елді-мекендерді абаттандыру, көркейту және санитарлық тазалықты сақтау жөніндегі екпінді айлық барысында өткізілген бұл шара барысында қаладағы орта мектеп оқушыларының көмегімен тұрмыстық күл-қоқыстар жиналып, қала сыртындағы «Экопарк» территориясындағы үш аллеяға 50 түп ағаш отырғызылды. Ақмола облысының іскер әйелдер ассоциациясының белсенді үгіт-насихат және ұйымдық жұмыстар жүргізуінің нәтижесінде тұрғындар көптеп тартылды. Әсіресе, №13 «Экос» мектеп-гимназия оқушылары мен шәкірттерінің белсенділігін ерекше атап өтуге болады. Тек қана осы білім ошағынан аталған шараға 250 адам қатысты. Сөз орайы келгенде интернационал-жауынгерлердің, Чернобыль атом станциясындағы апатты жоюға қатысушылардың, бизнес өкілдері мен мәслихат депутаттарының бір кісідей ұйымшылдық танытқандығын атап көрсетуге болады. Акция барысында өткізілген барлық шаралар жайлы бейнефильм-
дер түсірілді, атқарылған жұмыс нәтижесі 31 мамырда белгілі болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс