Мерейге бөленді

Шаңырақ шаттығы мен отбасы мәртебесін арттырып, ұлттық құндылықтар-ды жаңғыртуға бағыт-талған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Ақмола өңіріндегі кезеңі өте тартысты өтті.
Әу баста өз күшіне, білімі мен өнеріне сенген 29 отбасы сайысқа түскенімен, соңғы сынға 7 отбасы іріктеліп шықты. Байқауға төрелік еткен облыстық комиссия оған қатысқан отбасының қоғамдағы абырой-беделіне, азаматтық белсенділігіне, шаңырақта ұлттық құндылықтарды қаншалықты сақтауына баса мән беріпті.
Шарада құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Ермек Маржықпаев отбасы құндылығы туралы айтып өтіп, марапаттау рәсіміне көшті. Бірінші орынды және 250 мың теңгенің сертификатын Ақкөл ауданынан Әубәкіровтер отбасы және Целиноград ауданынан Ысқақовтар отбасы өзара бөліссе, облыстық «Мерейлі отбасы» байқауында екінші орын және 150 мың теңгелік сертификат Степногорск қаласының Оралбаевтар әулетіне берілді. Бүгінде отбасындағы сегіз баланың алтауын асырап алып, бауырына басқан. Ал, жүлделі үшінші орын мен 100 мың теңгелік сертификатты Целиноград ауданынан Кемеңгеровтер отбасы иеленді. Сондай-ақ, Сандықтаудан Мұсхановтар, ерейментаулық Амантаевтар мен Зеренді ауданынан қатысқан Штирлердің отбасы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Одан өзге байқауға қатысқандар арасында шығармашылық отбасылар, көпбалалы отбасылар, оның ішінде, мұғалімдер, дәрігерлер, механизаторлар, спортшылар, кәсіпкерлер және басқа да еңбек әулеттері бар.
Тағайындалған екі бірінші орынның бірін целиноградтық Ысқақовтар отбасы иеленді.
Көпбалалы отбасы қайырым-дылық жұмыстарымен айналысады, жақында ауыл мектебіне музыкалық орталық, спорттық құралдар мен компьютерлер тарту еткен. Ақкөл ауданының Амангелді ауылында тұратын Әубәкіровтер әулеті – ұстаздар династиясынан. Қазіргі уақытта 5 бала мен 9 немере тәрбиелеп отыр. Үлгілі отбасының шаңырақ көтергендеріне – 56 жыл. Әулеттің басты отбасылық құндылығы ұлтты, ұлттық салт-дәстүрді, оның рухани мұрасын, әдет-ғұрпын құрмет тұту. Шарада жалпақ елге танымал болған, абыройға бөленген жандар, олардың әулеттері, өмір жолдары туралы кеңінен әңгімеленді.
Ысқақовтар мен Әубәкі-ровтердің отбасының қайсысы гран-приге лайық екенін келер айда ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы анықтайтын болады. Ал, жүзден жүйрік шыққан отбасы қыркүйек айында Отбасы күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Мерейлі отбасы» байқауының республикалық додасында марапатталмақ.

 

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий