«Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері анықталды

2013 жылы  Елбасының бастамасымен қолға алынған Ұлттық байқау биыл осымен бесінші рет өткізілді. Оған облыстың әр аймағынан 26 отбасы қатысты. Солардың ішінен 6 отбасы дараланып шығып, жеңімпаздар тізіміне ілікті. 1-ші жүлделі орынды бурабайлық Қалмағанбетовтер және зеренділік Насибуллиндер отбасы иеленді. 2-ші орынды сандықтаулық Ереминдер жеңіп алса, 3-ші орын бұландылық Мәліковтер отбасына бұйырды. Жеңімпаз жанұялардың бәріне ақшалай сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкееваның айтуынша,  өңірде 7160 көпбалалы отбасы бар. 2500 ана «Алтын алқа», 4152 ана «Күміс алқа» иегері. Байқаудың ынталандыру сыйлығына ие болған Жақсы ауданының тұрғындары Ешімовтер әулеті құқық қорғау саласын таңдаған. Ал, степногорлық Әбілевтер отбасы болса, өнерге жақын, еңбекқор жандардан құралған. Бурабай ауданының тұрғындары Қалмағанбетовтер білімде де, спортта да табысты. Өнерге де жақын.  Зеренділік Насибуллиндер өз аймағына отбасылық ансамблімен танымал. Аналары Әсия апай он бала тәрбиелеп өсірген. Өзі де әнге құмар жан. Байқау барысында өнерлі отбасы көрерменге ән сыйлады. Екінші орын иегерлері Ерёминдер болса, спортқа жақын жандар. Александр мен Ларисаның үлкен ұлдары Роман Ерёмин қазақстандық биатлоншы, Әлем Кубогының қатысушысы, Қысқы Универсиаданың қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының спорт шебері. Бұландылық Мәліковтер отбасында он бала тәрбие алған. Қазір олар әр салада табысты еңбек етіп жатыр.  Сахна төріне көтерілген әр отбасы мүшелеріне қошемет көрсетілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий