Мерейтойымен құттықтады

Қала әкімі Бауыржан Ғайса ҚР Орталық ардагерлер кеңесі президиумының бұрынғы мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісі комитеті жанындағы сарапшылар тобының, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің және Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Қазақстан компартиясы Көкшетау облыстық комитетінің бірінші хатшысы, Халық депутаттары Көкшетау облыстық кеңесінің төрағасы, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болған Чапай Әбутәліповтың жұбайы Раиса Тасжанқызын 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Раиса Тасжанқызы бес бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана, адал жар, сүйкімді әже ғана емес, бірнеше буын ұрпақты білім нәрімен сусындатып, шәкірттерінің бойына ізгілік, парасаттылық сияқты қасиеттерді дарытқан ұлағатты ұстаз.
Замандастары Раиса Тасжанқызын жігерлі, өз ісін жанқиярлықпен сүйетін және әрдайым алға ұмтылатын жан ретінде таниды. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз мінсіз еңбегімен мектепке дейінгі білім беруді дамытуға және оның гүлденуіне лайықты үлес қосты.
Қала әкімі мерейтой иесіне зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырағына құт-береке тіледі.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий