Мерейтой иесін марапаттады

Қалалық әкімдікте журналистика ардагері, «Қазақстанның құрметті журналисі», Ақпарат саласының үздігі Балталы Сәрсенбаевты марапаттау рәсімі өтті. Қала әкімі Е.Маржықпаевтың Құттықтау хатын оның орынбасары А.Әміренова табыстады. Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Төлеғұл, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Әлиев, облыстық мәслихаттың аппарат жетекшісі Д.Жұрымбаев, қалалық мәслихаттың хатшысы Е.Исімбаевтар құттықтады. Сөз алғандар Балталы Сәрсенбайұлының қаланың саяси-әлеуметтік дамуына қосқан зор үлесі, баспасөздегі ұзақ жылдарғы елеулі еңбегі туралы әңгімелеп, мерейтой иесіне мықты денсаулық, отбасына амандық-саулық тілесті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий