Мерейің үстем болсын, Дина!

Ақмолалық былғары қолғап шебері Дина Жоламан Дубайда өткен Азия чемпионатында қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан қоржынына алтын салғанын бұдан бұрын хабарлаған едік. Жанкүйерлері білекті де жүректі жерлесінің жеңісіне шын қуанды. 54 келі салмақта ақтық сайыста өзбек боксшысы Ситора Шогдаровамен қолғап түйістірген Дина ел намысын қолдан берген жоқ. Туған жеріне жеңіспен оралған чемпионды спорт жанашырлары, жанкүйерлері, оның өнеріне тәнті тұрғындар Көкшетау қаласының кіреберіс қақпасы алдында қарсы алды. Құшағын гүлге толтырып, қолдарына ұрандатқан жазуларын ұстап шыққан олар Динаны қошеметпен қарсы алды. Жерлес спортшы өзінің бапкері Александр Высоцкиймен бірге келді. Жеңімпаз спортшы мен бапкерін облыс әкімі қабылдап, құттықтады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий