Мерекелерге дайындық басталды

Алда келе жатқан Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік мерекесіне орай көкшетаулықтарды тосын сыйлар күтуде. Мереке қарсаңында Көкшетау қаласында бірнеше тұрғын үй мен қоғамдық алаңдар пайдалануға беріліп, Жаңа жыл мейрамының да жаңалықтары көп болмақ.

Желтоқсан айында болатын маңызды мемлекеттік мейрам күндерін ұйымшылдықпен өткізуге қатысты қала әкімі Ермек Маржықпаев ведомстволар мен сала басшыларын жинап, кеңес өткізді. Қалалық мәдениет бөлімі жауапты саналатын шығармашылық шаралармен қатар әлеуметтік мәселе де назарға алынуы тиіс делінді. Айдың бірінші жартысында жаңа нысандар пайдалануға беріледі. Оның қатарында мемлекеттік және коммерциялық бағыттағы бірнеше көпқабатты үйлер, неке қию сарайы, теміржолшылар аллея-
сы және жастар сквері бар. Қала әкімі атаулы күндер жақындап келе жатқанын және оған мұқият қарау қажеттігін айтты. Көкшетауды Жаңа жыл мерекесіне орай безендіру жұмыстары жақында қолға алынады. Биыл Горький көшесінің жарықшамдары жаңартылып, барлық аркалар, субұрқақтар, панель-кронштейндер әрленеді. Бірнеше аумаққа шырша қойылып, мұз қалашығы салынады. Шаһар басшысы бұл жұмыстардан Красный Яр мен Станционный елді-мекендері де қалыс қалмауы тиіс деді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий