Мерекемен құттықтады

«Достар» мәдениет сарайында қала әкімі Ермек Маржықпаев білім саласындағы әйелдер қауымымен кездесіп, 8 наурыз мерекесімен құттықтады.
Әкім қаладағы маңызды салалардың басы-қасында қыз-келіншектердің жүргенін айрықша атап өтті. –Бүгінгі кездесуге білім саласын дамытуға бар күш-жігерін салып еңбек етіп жүрген құрметті қыз-келіншектер, аяулы арулар жиналып отыр. Қаламыздағы барлық жетістіктерге сіздердің әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз зор. Сіздер отбасының жылуын сақтап, ұлықты ұл мен қылықты қыз өсіріп, отбасының берекесі мен еліміздің гүлденуі жолында оларды еңбекке баулумен қатар, жаңа жетістіктерге жетелеп келесіздер. Жан жылуларыңызбен айналаны нұрландырып, сұлу да тартымды болып жүре беріңіздер! – деді Ермек Маржықпаев өз құттықтауында. Өз кезегінде нәзік жандылар ізгі ниетін арнаған қала әкіміне қошеметін жаудырды.
Бұл күні бірқатар білім қызметкерлері құрмет грамоталары, алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты шара қала мектептері шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертке ұласты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий