Мерзімінде аяқтауға тапсырма берілді

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары барысында Красный Яр ауылының жанындағы Нұрлы көш мөлтек ауданының жол жабынын жөндеу жұмыстарымен танысты. Жоспарланған 10 800 шаршы метр жаңа асфальт жабынының жартысы ғана жабылған. Өңiр басшысы барлық жөндеу жұмыстарын қазан айының бiрiншi онкүндiгiне қарай аяқтауды тапсырды. Облыс орталығында облыс әкiмi бiлiм беру мекемелерiнiң құрылысын тексердi. Ол 30 қыркүйекте Красный Яр жолында орналасқан оқыту-тәрбиелеу кешенiнiң тоқтап тұрған жұмысын қайта бастау үшiн бақылау күнін белгiледi. №6 орта мектеп-лицейiнде және №13 «Экос» экологиялық мектеп-гимназиясында тиiсiнше 300 және 420 орындық жапсаржай құрылыстары басталды. Мердiгерлерге жұмыс кестесiнен қалып қоймау тапсырылды.
Қазақстан мен Ресейдiң өңiраралық ынтымақтастығы форумы шеңберiнде «Болашақ» сарайының құрылысы басталды. Облыс әкiмi құрылыс жұмыстарының барысына оң баға бердi.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий