Министр көкшетаулық ұстаздармен кездесті

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев кеше М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мектеп-гимназияда болып, 6 «а» және 8 «б» сыныптарындағы информатика мен физиканы ағылшын тілінде оқытудың барысымен танысып, атақты жерлесіміз, Кеңес Одағы Батырының осы білім ордасындағы музей экспонаттарымен танысты. Бұдан кейін мәртебелі мейман облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының өкілдері, мектептер мен колледждердің директорлары, ата-аналардың қатысуымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындайтын міндеттерге орай жиын өткізді. Министр елімізде білім беру сапасын жақсартуға қатысты Елбасының Жолдауына байланысты атқарылуға тиісті міндеттерді атап көрсетті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс