«Музейге сый-тарту» акциясы

Көкшетау қаласының тарихы музейі шаһар тарихын тануға құмар жандарды «Музейге сый-тарту» акциясына қатысуға шақырады. Сіздерде қызықты құжаттар, фотосуреттер, көне тұрмыстық заттар, ерекше әсерлі тарихы мен аңызы бар отбасылық құндылықтар сақталса, бізге келіңіздер! Өйткені, олардың әрқайсысы өткен күннен бір белгі бар жәдігер ретінде сол заман туралы көптеген қызықты жәйттарды баяндауы мүмкін. Бәлкім, сіз сыйға тартқан жәдігер 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай өткізілетін «Музейдегі түн» акциясы, «Ярмарка старины» көрмесінде лайықты орын алары сөзсіз.

«Музейге сый-тарту» акциясына үн қатқысы келетін әрбір жанға алдын ала алғысымызды білдіре отырып, мына мекенжайымыз бойынша: Көкшетау қаласы, Қанай би көшесі №32 үйге шақырамыз. 9.00-18.00-сағат аралығында есігіміз әрдайым ашық. Жексенбі – демалыс. Байланыс телефондары: 26-57-86, 26-46-84. E.mail: muz.kokche.mail.ru Бізге №1, 8, 12, 13, 14, 17, 19, 24 бағытындағы автобустармен жетуге болады. Жәдігерлерді әкелуге мүмкіндігіңіз болмаса, хабарласыңыз, өзіміз келіп әкетеміз!

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс