Мың алғыс саған, қалың жұрт!

«Тарихымыздың көптеген беттері жоғары моральдық құндылықтардың бірі ретінде ризашылықпен байланыс-ты. Саяси қуғын-сүргін мен жер аударудың қасіретті жылдарында адамдарға қолдау көрсеткені үшін бір-біріне алғыс білдіру үмітін қайта табуға, өмірін қайта бастауға мүмкіндік берді. Бүгінде қуғын-сүргін дәуірінен аман қалған куәгерлер мен ұрпақтар қасиетті қазақ жерінде алған қамқорлық пен қонақжайлылықты зор ықыласпен еске алады», – деп атап өтті аймақ басшысы Көкшетаудағы «Достық» үйінде өткен Алғыс айту күніне арналған іс-шарада. Еңбек ардагері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Болат Жанәділов, көпбалалы ана Мина Жексембаева, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және басқалар алғыс сөздерін айтты. «Бүгін біз еркін елде тұрамыз, бүкіл әлем біз үшін ашық. Біз қазақтармен, кәрістермен, немістермен, ингуштармен және басқа да этностармен қатар өмір сүріп, балаларымыздың болашағын бірге құрамыз», – деп атап өтті облыс поляктары бірлестігінің мүшесі Павел Трищ. Іс-шара барысында бірқатар ақмолалықтар «Халық алғысы» медалімен, бірлік пен келісімді, қазақстандық бірегейлікті нығайтқаны, ізгіліктің гуманистік мұраттарына жоғары қызмет еткені үшін облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұл күні Көкшетау қаласының «Бурабай» спорт сарайы, триатлон мектебі, Қажымұқан атындағы спорт кешені және «Оқжетпес» футбол клубы медицина қызметкерлері үшін Ашық есік күнін жариялады. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлері аталған ұйымдардың спорт секцияларына тегін бара алады. Өңірде Алғыс айту күніне орай 1 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді. Олардың қатарында еріктілердің, жастардың, кәсіпкерлердің және тұрғындардың қатысуымен «Қайырымдылық керуені: 30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында өтіп жатқан халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша акциялар, концерттер, көрмелер, челлендждер бар.

«Көкше-ақпарат».

«Достар» мәдениет сара-йында Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов қала тұрғындарын 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен құттықтады.

Құттықтау сөзінде қала басшысы Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2016 жылдың 14 қаңтарындағы Жарлығымен белгіленген осы мерекенің мән-мағынасына тоқталды. Елді алға бастыратын, экономикалық қуатын, халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін ахуал мемлекетіміздің көпұлтты тұрғындары арасындағы ынтымақ, бірлік, татулық. Татулық бар жерде береке бар. Бұл ретте Қазақстан халқы Асссамблеясының атқарып отырған рөлі зор. Елімізде тату-тәтті күн кешуге, бейбіт еңбек етуге, оқып, білім алуға толық мүмкіндік бар. Осындай, бейбіт күніміз, қол жеткен табыстарымыз бәріміздің ортақ ниет, ортақ еңбегіміз. Өзара түсіністік, ауызбірлік үшін біз бір-бірімізге алғыс айтуға тиіспіз. Бізді тәрбиелеп, өнегелі жол нұсқаған аға ұрпаққа, бүгінгі таңда ел игілігі үшін ерінбей еңбек етіп жүрген замандастарымызға, жалынды жас ұрпаққа, барша жұртымызға, қалың елімізге мың алғыс!
Салтанатты шара үстінде А.Смайылов еңбек ардагерлері Ф.Богапов, Б.Закрина, Б.Сәрсен-баевтарға, бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге, кәсіпкерлерге облыс әкімі және қала әкімдері-нің Алғыс хаттарын, көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.
Салтанатты жиналыстан соң тартымды концерт тамашаланды.DSC_0849

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий