Міндеттерден ой түйіндесек…

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұхтар Алтынбаев пен Икрам Адырбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен, ал Сенат депутаты Рашид Түсіпбеков облыстық әділет департаментінің ұжымымен кездесті. Жүздесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының басым міндеттері талқыланды.

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев оқу орнының қол жеткізген жетістіктері мен студенттердің білімін жетілдіруде атқарылып жатқан іс шаралар мен оқу орнының жұмыс бағдарымен таныстырса, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анатолий Башмаков ел бірлігінің басты кепілі мемлекеттің ұлтаралық саясатындағы көрегендік қадамдарда екендігін атап көрсетті. Халық Қаһарманы, армия генералы, сенатор Мұхтар Алтынбаев өздерінің өңірге келген сапарының мақсаты Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауын жастармен жан-жақты талқылап, еркін пікірлесу алаңын құруды көздейтінін айта келе, Үкіметті жасақтау және оның қызметін бақылаудағы Парламент рөлінің күшеюі, сондай-ақ, билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлу туралы Президент Жолдауындағы бес басымдық пен кешенді міндеттерді іске асыру барысына тоқталды. Сенат депутаты Икрам Адырбеков әлемдік экономикадағы жылдам өзгерістер жағдайында құбылмалы әлеуметтік-экономикалық ахуалдағы қазіргі мәселелерді жедел шешу үшін Үкіметтің әрекет ету мүмкіндігі мен қажетті дербестігі болуы керек, деп санайды. Сенатордың пікірінше, Мемлекет басшысының билік өкілеттіктерін қайта бөлу және саяси жүйенің өзгерістері жөніндегі үндеуіндегі бастамалар демократиялық қоғам қалыптастыру жолындағы тарихи меже болып табылады. Кездесу соңында армия генералы Мұхтар Алтынбаев әскери кафедра тыңдаушыларына дүние жүзіндегі саяси жағдайларға қатысты сұрақтарға жауап қайтарды. Бірқатар студенттер Алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рашид Түсіпбеков 8 ақпанда Ақмола облыстық әділет департаментінің ұжымымен кездесіп, Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының қағидаларын түсіндірді. Сенатор, өз сөзінде Ата Заңның 26 бабына енгізілетін өзгеріске ерекше назар аударды. Бұл толықтыруда заңдылық жолмен сатып алынған мүліктің меншік құқығына кепілдік беруді қамтамасыз ету жағы қарастырылған. Айтылған бұл ұсыныс шетелдік және отандық инвес-торлар үшін инвестициялық климатты жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл бапқа енгізілетін өзгерісте жер қатынастары мәселесін реттеу жөнінде мәселе қозғалуы тиісті емес. Жерге меншік мәселесін реттеп отыратын 6 бапқа өзгеріс жасалмайды. Жер Кодексінің жекелеген нормаларына мониторинг жариялау мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылған болатын.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс