Мінсіз қызметі үшін

Көкшетаулық тәртіп сақшылары жаңа қызметтік көліктерге ие болды. Салтанатты шараға полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймырзин мен қала әкімі Амангелді Смайылов қатысты.
Шаһар басшысы қазіргі төтенше жағдай кезінде тәртіп сақшыларына артылар салмақ ауыр екенін атап өтті. Полиция қызметкерлері медицина мамандарымен қатар жұмыс істеп жатыр. Олар қаланы патрульдеу шараларына белсене қатысып, блокбекеттердегі қырағылыққа да жауапты. Көкшетау қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда облыс орталығында жағдай қалыпты, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күш салынуда. Шара барысында полиция басқармасының басшысы Жанатбек Ешімовке «ГАЗ «Соболь» автокөлігінің кілті табыс етілді. Демеуші тарапынан көрсетілген сыйлық құқық қорғау органының мінсіз қызметіне қалалықтардың берген бағасы делінді. «Бұл көлік алдағы уақытта да өз міндеттеріңізді жақсы атқарып, қала тұрғындарының қауіп-сіздігін жақсарта тү-суге ықпал етеді деп сенемін», – деді өз сөзінде «Көкшетау минералды сулары» АҚ директоры Станислав Максимец.
Қызметтік көлік полиция басқармасының күзет бөліміне берілді. Ол шақыртуларға жедел-тергеу тобының уақытында жетуіне және қылмыскерлерді тез құрықтауына қызмет етпек, ведомство басшысы Арманбек Баймырзин ақмолалық полицейлердің жұмы-сына берілген баға үшін алғысын жеткізді және алға қойылған міндеттерді бұлжытпай атқаруға уәде етті.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий