Мүмкіндіктер сараланды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде кәсіпорындар мен жұмысшылар арасындағы еңбек қарым-қатынасы, цифр-ландыру барысы, көпбалалы аналарды қолдау мәселесі қаралды.

Өткен жылы облыстық еңбек инспекциясы 523 кәсіпорынға тексеру жүргізді. Нәтижесінде заңнаманың бұзылуына жол берген 256 кәсіпорындағы кемшіліктер түзетілген. Еңбек қарым-қатынасының бұзылуына қатысты деректер Көкшетау қаласында, Ерейментау, Есіл, Бұланды, Целиноград аудандарында орын алуда. Былтыр еңбек инспекциясына жеке және заңды тұлғалардан 1700-ден астам өтініш түскен. Оның басым бөлігі жалақыны уақытылы төлемеуге қатысты болып отыр.
Өңірде медициналық мекемелердің интернетпен қамтылуы 48 пайызды құрайды. Бұл 570 мекеменің 273-і. Сонымен қатар, өңірдің денсаулық сақтау нысандарындағы 5504 жұмыс орнының 82 пайызы компьютермен қамтылған. Жыл соңына дейін медициналық ұйымдарды 100 пайыз компьютермен қамтамасыз ету жоспарланған.
Қазір облыста 5306 көпбалалы отбасы тұрады. Ай сайын оларға 4,16 айлық есептік мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы беріледі. Одан бөлек, жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Өткен жылы 1000-нан астам отбасы осындай қолдауға ие болды. Облыста мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен тұрғын үй алу кезегінде 22 мың 347 адам тұрса, оның 8939-ы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, ал 803-і көпбалалы азамат. Облыс басшысы қала мен аудан әкімдеріне көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар туралы ақпарат әзірлеуді тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий