Мұз айдынында – мереке!

 

Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Достар» мәдениет сарайы, «Бурабай» спорт сарайы бірігіп «Жұлдызды сәт» атты мұз үстінде жұптаса сырғанаудан сайыс өткізді. Оған Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин мен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етті.

Ұйымдастырушылар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында міндеттелген ой-сананы жаңғырту, Отансүйгіштікті дамыту, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуді алға қойған еді. Осынау мұз үстіндегі достық пен татулықты жалау еткен жарасымды жарыс 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, ардақты аналар, аяулы жар, апа-қарындастарға арналып, салтанатты түрде өтті. Мұз үстінде мәнерлеп сырғанаудың майталман шеберлері болмаса да, оған қатысушылар аз күннің ішінде өздерінің қол жеткізген шеберліктерін паш етуге тырысты. Шоу-бағдарламаның тартымдылығы да осы тосындығында болатын. Олардың ынта-жігер, ұмтылыстары көрерменді дүр сілкіндірді. Сайысқа барлығы тоғыз жұп қатысты. Әсіресе, көрермен Ольга Иванова мен Анатолий Чернов (3-ші орын), Анжелика Лущинская мен Валерий Ткачук (2-ші орын), Томирис Амангелдиева мен Дмитрий Купряшин (1-ші орын), Варвара Сычева мен Евгений Степановтардың (Гран-При) өнерлеріне қуана қол соқты. Сайыс соңынан облыс әкімі М.Мырзалин мен қала әкімі Е.Маржықпаев жүлдегерлер мен барлық қатысу-шыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етіп, ескерткіш суретке түсті. Жиылған жұрттың көңіл-күйін тартымды концерт көтере түсті.

Асхат ШӘРІПБАЕВ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий