Мұрағаттарды сөйлеткенде…

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу барысында облыстық мұрағаттың директоры Гүлбаршын Салық 100 жылдық тарихы бар сирек кездесетін құжаттар және олардың сақталу жолдары жайлы әңгімелеп, журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды. 

Облыстық мұрағаттың қоймаларында 500 мыңнан астам құнды құжаттар бар екен. Оның ішінде фотоқұжаттар мен кинобейнеқұжаттар бөлек сақталған. Олар әрдайым тексерістен өткізіледі. Биыл 6843 бірлік картондалып, қатталған. Мұрағат қызметкерлері құжаттарды қалыпқа келтіру бойынша көп жұмыс жүргізуде. 2015 жылы 290 бірлік және 300 парақ қайта өңделген болса, биыл 290 бірлік пен 408 парақ қалыпқа келтірілген. Бейнеқұжаттарды сақтауда едәуір қиындық туындауда. Өйткені, оның 50 пайызының сапасы төмендеген. Сол себепті сандық жүктемеге қайта жазу керек. Мұрағат қызметкерлері жазуы мүлдем көрінбей қалған құжаттарды да қалыпқа келтірумен айналысуда. Бүгінде сондай 1000 парақ бар екен. «Мұрағат қоры» кешенді бағдарламасын толықтыру жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен жылы 180 қор енгізілсе, биыл оның саны 155-ке толықты. Кездесу барысында журналистер ұлт-азаттық қозғалысына, әсіресе, Ереймен қозғалысы, Амангелді батырдың Ақмола жеріндегі сарбаздары, Ұлы Отан соғысы тұсында біздің өңірде құрылған 106-шы атты әскердің тағдыры туралы құнды мәлімет алды. 1917-1991 жылдарғы Кеңес үкіметі тұсындағы партия қызметі жайлы құжаттармен осы қордың жетекшісі Гүлнәр Қанафина таныстырды. 1898 жылғы метіркені көріп, оның аман сақталғанына таң қалдық. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты мұрағат қызметкерлері «Ақмола өңірі – мұрағат құжаттарында» атты үлкен көрме ашуды жоспарлап отырса керек.

Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс