Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетілді

«Жақсылық жаса!» жобасы аясында көкшетаулық кәсіпкерлер тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратып, көпшілікті тəнті етті.

Жақсы ниет жақ-сылыққа жетелейтіні сөзсіз. Қайырымдылық бастаманы басқа кәсіпкерлер де іліп әкетіп, әл-ауқаты төмен көпбалалы отбасылар-ға отын-көмір жеткізіп берді. – Бұл – жүректен шыққан жылылық. Қала кәсіпкерлері осындай бастама көтердік, егер жақсылық жасайтындай жағдай туып жатса, неге көмектеспеске?! Әлеуметтік желіде пікір жазғанша, мұқтаж жандарға нақты көмек қолын созғанымыз жөн. Мұндай игілікті істі жарнама үшін жасамаймыз. Біз тек өз өнім-дерімізді ғана жарнамалаймыз. Көкшетаулық кәсіпкерлерді осындай жақсы бастамалардан сырт қалмауға ша-қырамыз, қолдан келгенше қолдау көрсете білейік!», – дейді кәсіпкерлер.
Жылы сөз, жұмсақ алақанға зәру болған мұқтаж жандар, әсіресе, қарттар мен кейуаналар қуаныштан көздеріне жас алып алғыс-баталарын беріп жатты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий