Мәдениет – мәңгілік, өнер – өміршең

Көкшетаудағы Неке сарайында қала әкімі Амангелді Смайыловтың қатысуымен мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің форумы өтті.
Шараға қатысушы қонақтарды «Мәдениет – халықтың рухани байлығы, Жастар – ел болашағы» жастар флешмобы қарсы алды. Форум мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Мәдениет – ұлттың мәйегі»
прологымен ашылды. Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов форум қатысушыларын кәсіби мереке-лерімен құттықтап, ілгері дамып келе жатқан мәдениет саласын алдағы уақытта да оң өзгерістер күтіп тұрғанын атап өтті.
Бұдан соң қала мәдениетінің өркендеуіне үлес қосқандар алғыс хаттармен марапатталды.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Айгүл Сәбитованың айтуынша, соңғы жылдары салада көптеген жаңалықтар орын алды. Мәдени ошақтардың жөнделуін айтпағанда, көрнекті ұлт көсемдерін, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға қатысты жобалар жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Мұражайлар, клубтар мен кітапханалардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды. «Цифрлы Қазақстан» бағдар-ламасы мәдениет саласына да енгізілуде. Заман талабына сай электрондық кітапханалар іске асуда. Айта кетейік, Көкшетау қаласы соңғы он бір жылдан бері «Ақмола жұлдыздары» облыстық жоба-байқауында бас жүлде иегері атанып, 11 автокөлік жеңіп алды. Мәдениет саласы арда-герлеріне қала әкімінің атынан гүл шоқтары тарту етілді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий