Мәдени астанадағы мәністі шаралар

«Мәдени астана» атанған Көкшетаудың мәдениет, өнер мен әдебиет саласында серпіліп, жарқырай көрінер кезі келді. Осы орайда бұған дейін М.Жұмабаев атындағы облыстық кітапханада, Арнайы балалар кітапханасында, Қазақ кітапханасында балалар әдебиетін насихаттауға,
балаларды кітап оқуға шақыруға арналған шаралар өтіп келе жатқандығын атап өткен дұрыс. Осылайша, балаларға ана тіліміз бен кітап оқудың маңыздылығын, қажеттігін жалықпай түсіндіре беретін болсақ, сұрақтарына жалықпай жауап беріп, тартымды, қызықты, дәйекті әңгімелерімізді айта беретін болсақ, нәтиже болады, балалар кітапқа назар аударады. Балалар әдебиетіне қалам тартқан ақын-жазушыларды ынталандыруға арналған конкурстар да өте бастады.DSC_2879
Осындай орайлы сәтті, Көкшетаудың мәдени астана аталуын, Балалар әдебиеті жылын тиімді, сапалы қылып өткізсек, нұр үстіне нұр. Осындай, тартымды бір шара жақында «Қоғамдық келісім» сарайы жанындағы Арбат алаңында қалалық мәдениет бөлімі, қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Балалар әдебиеті – рухани қазына» деген тақырыппен өтті. Шараның мақсаты – жас оқырманның кітап оқуға, ана тілін білуге, ұлттық салт-дәстүрлерімізді үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, балаларға арналған кітаптар көрсетіліп, балалар әдебиетіне қалам тартып жүрген жергілікті жазушылар Қайырбай Төреғожа, Серік Жетпісқалиев, Раушан Мұқановалар, қолына енді қалам алған Томирис Саматова мен Күләш Рахымжановалар шақырылған. Алаңға құрылған киіз үйлерге жайғасқан бір ана бесік жырын айтса, енді бір ана тамылжытып ертегі айтып отырды. Келесі бір алаңқайда балалар асық ойынын қыздырды,
бір оқушы скрипкадан сызылтып әуен төкті. «Алақай» қуыршақ клубы да өз өнерлерін көрсетіп жатты. СД, 3Д кітаптары, тағы басқа бүгінгі заман технологияларымен жабдықталған кітап оқып, ән тыңдау мүмкіндіктері таныстырылды.
Арбатта өткен шараға Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Уақыт Бейсембаев қатысты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий