Мәжіліс депутаттарымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин 15 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік қорғалымсыз тобына жататындарды қолдау» бағдарламасы бойынша комиссияның көшпелі отырысын өткізуге келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттарымен кездесті.

Мәжіліс депутаттарымен болған кездесу барысында өңір басшысы облыстың әлеуметтік-
экономикалық дамуының сегіз ай ішіндегі қорытындылары жайлы айтып берді. Бүгінгі таңда экономиканың барлық салаларында жағымды динамикалық өсім байқалады. Күзгі егін орағы да жоспарланғанындай ұйымшылдықпен өтуде. «Ақмола облысы – еліміздің астықты өңірлерінің бірі. Бүгінгі күні облыс бойынша дәнді-дақылдардың 80 пайызы бастырылып, 3,6 миллион тонна астық өндірілді. Гектар түсімі әзірше 10,6 центнерден айналуда. Топырағы құнарлы алқаптардың астығы әлі жиналған жоқ. Ендеше, егін шығымдылығының көрсеткіші мұнан да жоғары болуы ықтимал. Бір атап өтерлігі, қазіргі бастырылған егіннің сапасына мамандар жоғары баға беруде. Бұған 87 пайыз астықтың үшінші класты бағаға ие болуы айқын дәлел», – деді өңір басшысы. Өз тарапынан комиссия жетекшісі Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина Ақмола облысына келген сапарларының басты мақсаты – «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасында қо-йылған міндеттердің бұл өңірде де жүзеге асырылуының барысымен егжей-тегжейлі танысу керектігін айтты. Өңір басшысы М.Мырзалин халық қалаулыларымен бірлесіп, мұндай шараларды өткізу, сөз жоқ, әлеуметтік саладағы өткір мәселелерді түбегейлі шешуге игі ықпал ететіндігіне тоқталды. Бұдан кейін Мәжіліс депутаттары «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік қорғалымсыз тобына жататындарды қолдау» бағдарламасы бойынша комиссияның көшпелі мәжілісіне қатысып, облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс