Мәжіліс депутаты журналистермен жүздесті

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Кәрібай Мұсырманов жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Бұған дейін бірнеше аудан мен Степногорск қаласындағы өндіріс орындарын аралап, тұрғындарға қабылдау жүргізген халық қалаулысы журналистердің көтерген мәселелерін де қойын дәптеріне түртіп алды. Мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болғандықтан, осы салаға қатысты сауалдарға тұшымды жауап беріп, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты заңға енгізілген өзгерістерге тоқталды. Түйткілді мәселелерді жоғарғы органдардың алдына қойып, депутаттық сауал жолдайтынын айтты. Еркін және жайлы әңгіме барысында біраз мәселенің басы қайырылды.

 

    Бұған дейін Степногорск қаласындағы подшипинк зауытына барған халық қалаулысы аталған кәсіпорында 200-ге жуық жұмыс орны бос тұрғанына назар аударыпты. Жаңа цехтар іске қосылып жатқандықтан, жұмысшы қолы қажет-ақ. Жатақханасы бар. Сондықтан жастарға нағыз таптырмайтын орын. Тек насихат жұмыстарын дұрыс жүргізу керек. Зеренді ауданында тұрғындарды қабылдау барысында жер телімі, мал жайылымдық шабындықты тарылту сияқты бюрократтық әрекеттерге барып жатқандарға қатысты сауалдарды аудан әкімінің алдына қойған және ондай қолдан жасалған жағдайларды өңір басшысының білгені де дұрыс деп санайды.

Журналистер «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңға енгізілген өзгерістердің түсініксіз тұстары барын, ол әсіресе, жемқорлармен күреске қатысты екенін алға тартты. Сондай-ақ тозығы жеткен ауылдар, жұмыссыз жастар, облыстық газеттерді оңтайландыру, латын әліпбиіне көшу сияқты сауалдарға өзінің көзқарасын білдірді. Газет басылымдарының тиражын көбейту мәселесіне қатысты да пікірін ортаға салды. Өйткені Мәжіліс депутаты бұл саланың жілігін шағып, майын ішкен жан. Жалпы газеттерге қатысты проблемалар таңсық емес. Қазіргі уақытта газет таралымы рейтингін басқаша көтеру керек. Басылымдарды «Қазпоштаға» тәуелді етпей, ҚР Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу арқылы ғана шешуге болады деп есептейді депутат.

Ал өзінің тікелей қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысындағы Карасевка ауылына су тартылғанын, «Серпін» бағдарламасы бойынша Қызылорда-Петропавл поезы қайта жүре бастағанын алға тартты. Сондай-ақ балабақша уақытын жұмыс істейтін ата-аналарға тиімді етіп, ұзарту, университетке түскеннен кейін жетім атанған студенттерді тегін оқыту мәселесін де басты назарға алып, сауал жолдайтынын айтты.                                 Гәкку АСЫЛБЕКҚЫЗЫ   /януар/

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий