Мәселеге ден қойып…

Бұл жолғы әкім қабылдауына алты адам жазылған екен, оның бесеуі келіпті. Анаргүл Мұшқанова толық емес отбасы ретінде пәтер кезегіне тіркелген. Рет саны – 511. Ал, жеке құрылыс салу үшін тұрған кезегінде 6884-ші. Ол осы кезектерінің жылжуын, мән-жайын біліп кетуді жөн көріпті.DSC_8515

Күлиза Бақытгүл кәсіпкерлік мақсатқа жер телімін беруді сұрап өтініш жазған екен. Оған ондай жағдайға жер алу үшін жарияланатын конкурстарға, аукциондарға қатынасуы қажеттігі түсіндірілді. Әкімге келген Құралай Байбекованың дауы өте күрделі. Әкімшілік кезінде иесіз қалған пәтерді оның ата-анасына берген. Арада талай жыл өткен соң ол пәтердің иелері табылып, сотқа арызданған. Ілкі болған сот шешіміне Қ.Байбекова қанағаттанбаған. Іс қайта қаралмақ. Мәселенің түпкілікті қалай шешілері әлі белгісіз. Тек қажетті құжаттарды толық жинап, сотқа қайта арыз жазып, кезінде жіберілген олқылық орны толтырылып, дау әділ шешілуі керек.
Қала әкімі Амангелді Смайылов жас жігіт, қала тұрғыны Асылбек Шәкеевтің қала жолдарын жөндеу барысындағы сапа, инженерлік талаптардың сақталуы, ауыз судың сапасы, жол ережесі белгілерінің орналасуы сияқты мәселелерді білгірлікпен сынға алып, талап қоюын ұнатты. Оның қала тірлігі, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін осыншалық алаңдап, сауатты түрде жеткізгені үшін оған алғыс айтты. Оның талабын ден қоя тыңдаған әкім онымен пікірлесе келіп, мемлекеттік жұмысқа шақырды.
Сөйтіп, бұл жолғы қала әкімінің тұрғындарды қабылдауы екіжақты түсіністік үстінде өтті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий