Мәселелер ауқымы кең

Биыл Көкшетау қаласында ағымдық жол жөндеу жұмыстары үлкен мөлшерде атқарылатын болады. Әсіресе, Ғабдуллин көшесі қалыпқа келтіріліп, көпірді реттеу бас-ты назарда. Наурызбай батыр мен Вавилов көшелеріне де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Конкурстық мәселелердің күрмеуі шешіліп қалған. Әкімшілік отырысында қала әкімі Ермек Маржықпаев осы шаруаларды тездетуді тапсырды.

 Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Жүнісовтің есебі қанағат-тандырмағандықтан, Ермек Боран-байұлы олардың алдына нақты міндеттерді жүктеді. Басты назар жеке пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын белсендендіруге бағыт-талуы тиіс. «Смарт-сити» жобасы шеңберінде жақын арада «Е-ПИК» арнайы бағдарламасын құру қажет. Ол өз кезегінде осы шаруаларды жүйелендіреді. Жобаға 62 ПИК-тері қосылуы тиіс. Коммуналдық төлемдерді жүргізуге арналған бірыңғай төлем құжаты енгізілген. Осы бағытта жұмыс істейтін қызмет берушілер қатары соған қарай өседі. Жылжымалы қоғамдық көлік құрамын жаңғырту, жаңа аялдама павильондарын қою және алматылық «Оңай» бағдарламасы сияқты қаржысыз төлем жасауға көшу жоспарланып отыр. Қаладағы такси қызметін реттеу туралы да айтылды. Жолаушы тасымалымен айналысып жүргендер көп, бірақ олардан қала қазынасы толықпайды. Сондықтан, ТКШ бөлімі белсенділік танытып, салық комитеті және өзге де қызметтермен бірлесіп жұмыс істеу керек. Отырыста тұрғын үй инспекциясының жетекшісі Жасыұзақ Есіркеповтың да есебі тыңдалды. Ол тұрғын үй қорын жандандыру, ПИК қызметі, лифт пен газ шаруашылығы туралы айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий