Мәселелер шешілмек

Қала әкімінің кезекті қабылдауына келген қала тұрғындары өздерін толғандырған мәселені айтып, оның шешімін мамандармен бірге іздеді. Қабылдауға алғаш болып кірген зейнеткер Зейнезайын Ахметжанова үй алу мәселесі бойынша келген. Өз басында баспанасы жоқ. 7 жыл бойы пәтер жалдап тұрады. Ай сайын пәтер үшін 30 мың теңге, зейнетақының қалған бөлігі коммуналдық төлемге кетеді. Ал, Таисия Корниенконың қазір тұрып жатқан үйі сырылуға жатады, бірақ өзіне пәтер берілмейді, себебі құжаттары дұрыс емес. Вера Курулева жалғызбасты ана. Бүгінгі таңдағы мәселесі баспана алу. «Жетім балалар» санат1622603424834ы бойынша 2011 жылдан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде тұр. Көпбалалы ана Әлем Әбілдина да «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша сертификат алғысы келеді. Нұргүл Данғұлова Көкшетау қаласында рухани-зияткерлік жас ұрпақ орталығын салуды жоспарға алған. Алайда, оның сұраған учаскесі орман аймағында орналасқан. Тамара Шибеко Белоруссиядан көп уақыт бұрын көшіп келген. Ол да баспана мәселесін алға тартты. Қала әкімі барлық мәселе назарға алынады деді.

Айғаным ЕРБОЛҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий