Мәселе жауапсыз қалмайды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қала басшысы алдымен қалада үш жылдан бері құрылысы тоқтап тұрған тұрғын үй мәселесіне қатысты жоба бақылаушысы Нариман Хамидуллинді қабылдады. Белгілі болғандай, тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы әлі сараптамадан өтпеген. 

Қала әкімі жоба бақылаушысына құрылыс жұмыстары, қаржыландыру, үлескерлерге қатысты мәліметтер дайындауды тапсырды. Қабылдауға келушілердің басым бөлігі тұрғын үй мәселесін алға тартты. Олардың бірі өздерінің, не балаларының баспанасыз отырғанын айтып, көмек жасауын сұрады. Мысалы, І топ мүгедегі Кендебай Нүрпейістің жақындары оның денсаулығына байланысты облыс орталығынан кезектен тыс пәтер алуға және материалдық көмек көрсетуді өтінді. Тұрғын үй заң бойынша кезекпен берілетінін айтқан әкім үй тұрғындарының әлеуметтік жағдайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілетінін мәлімдеді. Зейнеткер Қалымтай Мүсілімов балаларына баспана алудың жай-жапсарын сұрады. Қала басшысы Тұрғын үй жинақ банкінде салым жинаудың артықшылықтарын түсіндірді. Пәтер кезегінде 966-шы болып тіркелген Қауғар Қасымова  үй кезегінің жылжымай жатқандығын қынжыла баяндап, материалдық көмек көрсетуді сұрады. «Қай-қайсыңыздың да жағдайыңызды түсінемін. Айтылған өтініштер ескерусіз қалмайды. Шешу жолдарын қарастырамыз», – деген қала әкімі өтініш иесіне материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді. Зейнеткер Қалау Ожыбаев білім саласында еңбек еткен жылдары жинақтаған әдістемелік құралдарын кітап етіп бастыруға көмек көрсетуді өтінді. Әкім сала басшыларына өтініш иесінің мәселесін қарауды тапсырды. Қала тұрғыны Ермек Мейрамқұлов Центральный, 43 үйді ыстық сумен қамту мәселесін шешуге көмектесуді сұрады. 2007 жылы мемлекеттік бағдарлама бо-йынша пайдалануға берілген үйдің жертөлесіндегі қондырғылар жұмыс істемейтін көрінеді. Қала әкімі алдағы күндері бұл мәселе жан-жақты тексерілетінін айтты. Барлық өтініштер бойынша азаматтарға түсініктеме және нақтылы  жауаптар берілді. Әкім қабылдауда көтерілген мәселелердің жіті бақылауда болатынын атап өтті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий