Мәскеуге 3,5 сағатта жете аласыз

21 мамыр күні Көкшетау қаласының әлеуметтік өмірінде тағы бір айтулы оқиға болды. Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу бағытында қатынайтын жаңа әуе маршруты ашылды. Салтанатты бұл шараға Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев және осы салаға жауапты мамандар, жұртшылық өкілдері қатысты. 

Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу бағытында қатынайтын жаңа әуе рейсін «Авиакомпания S7» мекемесі жүзеге асыратын болады. Бұдан былай жолаушылар әр жексенбі сайын Ресей астанасына «AirbusA320» самолетімен ұшу мүмкіндігіне ие болады. Ұшу ұзақтығы 3-3,5 сағатты құрайды. Көкшетаудан ұшатын самолет Мәскеудің «Домодедово» аэропортына қонады. Билеттің құны 50 мың теңгеден астам. Ал, бұрындары көкшетаулықтар Мәскеуге Астана арқылы ұшып, билетті қымбатқа сатып алатын. Ұшу сапарына қатысты қосымша мәліметтерді аэровокзалдың анықтамасынан  51-04-43 телефоны арқылы білуге болады. Осы арада тағы бір айта кететін жағдай 5 мамырда Шымкент-Көкшетау-Шымкент әуе маршруты ашылған болатын. «СКАТ» авиакомпаниясы жолаушыларды әр жұма және жексенбі күндері тасымалдайды. Бұл маршруттың көкшетаулық жолаушылар үшін ең басты тиімділігі Шымкент арқылы Солтүстік Кавказ бен Түркияға және Ресейдің оңтүстігіндегі қалаларға тез ұша алады. Қазіргі таңда Көкшетау аэропорты сонымен бірге жолаушыларға Ақтау-Көкшетау-
Ақтау және Алматы-Көкшетау-Алматы бағыты бойынша да қызмет көрсетуде. Бұл маршруттар бойынша самолеттер аптасына екі рет қатынайды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс