Мәслихат мерейтойы

Көкшетауда Қазақстан Рес-публикасы Мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуы-на орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов, қалалық мәслихаттың депутаттары мен ардагерлері қатысты.

– Халықтың таңдауы болу – қиын да, жауапты қызмет. Депутаттардың барлығы еліміздің тарихи кезеңдерімен байланысты қаламыздың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне өзіндік үлестерін қосты. Өңірдің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік саласының өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүрген еңбектеріңізге жеміс тілеймін, – деді қала әкімі Амангелді Смайылов өз құттықтауында.
Қалалық мәслихаттың хатшысы Жанат Әбішев ширек ғасыр ішінде атқарушы билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналып, ел игілігі жолында ортақ іске жұмыла қызмет атқарған мәслихат депутаттарына шынайы ризашылығын жеткізді.1994 жылдан бастап ең алғашқы шақырылымда атқарушы билікпен және халықпен етене еңбек етіп, елдің экономикалық-әлеуметтік ахуалын арттыруға үлес қосқан Көкшетау қалалық мәслихатының бірінші шақырылымының депутаттары Балталы Сәрсенбаев, Алексей Краев, Петр Кузьменко, Юрий Грязнов, Игорь Ческидов, Александр Данилюк сияқты ардагерлерге ерекше құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Шара барысында Қымбат Мұстафина, Борис Крамаренко, Боранбай Бегалин, Хабибулла Ғазизов, Екатерина Бузина сияқты ардагерлер жылы лебіздерін білдірді. – Қазір уақыт пен заман талабына сай болу үшін мәслихат депутаттары қоғамдағы өзгерістердің бел ортасында болып, халықтың еркін білдіре іс-қимылдар жасауда. Мемлекеттің тізгіні іскер, тәжірибелі азаматтардың қолында, олардың атқарып отырған істеріне ризашылығымды білдіремін,– деді қалалық мәслихаттың І шақырылымының депутаты Борис Крамаренко.
Мерейтойға орай сала арда-герлері, жергілікті мәслихаттарда белсенді қызмет атқарған халық қалаулылары «Мәслихаттарға – 25 жыл» мерейтойлық медалімен, алғыс хаттармен марапатталды.

А.АЙҒАРА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий