«Мәңгілік Ел» ашық диктанты

2016 жылғы 18 мамырда бір мезетте жалпықазақстандық «Мәңгілік Ел» ашық диктант жазу шарасы өткізілді. Оған ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, студент-жастар, қала тұрғындары белсене қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын және «Этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасы» іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант жазу шарасы өткізілді. Қазақстанның барлық аймағында бір мезетте, яғни 2016 жылдың 18 мамырында сағат 11.00-де өткен бұл шараға барлық этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, ниет білдіруші барлық тұрғындар қатысты. Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Марал Жақыпова жиналғандарды мемлекеттік тілдің дәрежесін көтеруге бағытталған бұл шараның маңыздылығын атап көрсетіп, жиналған қауымға сәттілік тіледі. Облыстық кітапхананың оқырман залына 330-дан астам адам жиналса, жалпы Ақмола облысы бойынша 2500-ден астам адам аталмыш іс-шараға қатысқан. «Мәңгілік Ел» тақырыбына жазылған диктантты филологтар мен зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы комиссия тексеріп, үздік деп танылған жұмыстар Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы қоғамдық келісім мекемесінің алғыс хаттары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс