Назардан тыс қалмайды

Облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин 5 қазанда Бурабай поселкесінде азаматтарды қабылдады. Депутат қабылдауына келген тұрғындар өздерін және жұртшылықты толғандырып отырған әлеуметтік өзекті мәселелер төңірегінде әңгіме қозғады.

Поселке тұрғыны Салтанат Көшкімбаева жаңа бу қазандығының тұрақты жұмыс істеуіне назар аударса, Маржан Абдрахманова коммуналдық қызмет төлемдерін жасайтын қосымша терминал ашу қажеттігін айтты. Үш жасар сәбидің анасы Гүлмира Шігітаева жаңа балабақша салу керектігі жайлы өтініш білдірді. Бастауыш сынып мұғалімі Юлия Сафонова мен 7 сынып оқушысы Никита Шлейнингер мектеп маңындағы жол қауіпсіздігі шарасына назар аударды.
Айтқан сөздері дәлелді болу үшін мектеп территориясының макетін бірге ала келіпті. Ондағы айтар өтініші – балалар өтетін жерге «жол белгісін» қою. Жалпы алғанда, С.Сейфуллин орта мектебінің оқушылары қазір екі ауысымда оқиды екен. Сол себепті мектеп директоры Эльвира Шлейнингер қосымша ғимарат салуды ұсынды. Дулат Нұрмолдин өзімен бірге болған облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлеріне қабылдауда қозғалған барлық мәселені қатаң бақылауға алып, оның оңтайлы шешім табуына көмектесетіндігін айтты.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин Бурабай ауданына жасаған сапар барысында «Щучье қаласындағы қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болды. 

Сонау тоқсаныншы жылдың басында асыраушысынан айырылған қариялар мен мүгедектерді қамқорлыққа алу мақсатында жер-жерде медициналық-әлеуметтік мекемелер ашыла басталды. Қаржы жетіспей қиындыққа душар болса да бұл мейірімділік үйлері жабылмай, жылдан-жылға материалдық жағдайын жақсартып, жұмыс барысында озық инновациялық жаңалықтарды енгізуде. Мәселен, Щучье қаласындағы қамқорлық үйінде 103 адам тұрып жатыр. Мәслихат хатшысы Дулат Нұрмолдин және онымен бірге келген аудандық мәслихат хатшысы Өтелбай Бейсенов пен облыстық мәслихат депутаты Талғат Жалмағамбетов қариялардың тұрмыс жағдайымен танысты. Мекеме жетекшісі Шолпан Ташкеева меймандарға атқарылып жатқан жұмыстармен бірге әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, мәдени шаралар жайлы әңгімелеп берді. Кездесу соңында Дулат Нұрахметұлы мекеме ұжымына душпен шомылатын кабина сатып алу үшін сыйлық сертификатын тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс