Назарда – білім беру нысандары

Қала әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс бабындағы іс сапармен облыс орталығындағы бірнеше нысанды аралап, қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты.

DSC_8325Шаһар басшысы алдымен балалардың таным-түсінігін бүгінгі заманға сай дамытуды көздейтін «Мега интеллект» орталығына барды. Көкшетау қаласында 2015 жылы ашылған орталықта ментальды арифметика арқылы балаларды тез ойлап, тез санауға баулиды. Яғни, мидың сол және оң жағы қатар қосылғанда баланың есту, қабылдау, тапсырмаларды тез орындау сияқты қабілеттері ашылады. Мұнда 6 мен 12 жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Аптасына бір рет, үш сағат оқиды. 4 бағдарламадан тұрады. Атап айтқанда: «Мега арифметика», «Мега жылдам оқу», «Мега математика», «Мега Kids» және «Мега ағылшын». Ермек Боранбайұлына оқушылардың жетістіктері көрсетілді. 7 жасар Аяулым «Мега интеллект» орталығындағы қабілетті оқушылардың бірі. Ол қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, тақтаға жазылып жатқан сандарды іштей қоса алады. Тағы бір айта кететін мәселе, Аяулым «Орт» телеарнасындағы Максим Галкин жүргізетін «Лучший всех» хабарына шақырту алыпты. Жақында осы бағдарламаға жол тартпақ. Сабақта отырған тағы бір-екі оқушы да өз қабілетін ортаға салып, келушілерді таң қалдырды. Қала әкімі орталықтың жұмысына көңілі толатынын жеткізді. Шаһар басшысы №2 мектептің ескі ғимаратында жүргізіліп жатқан ағымдық жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Білім ошағының спортзалының едені мен терезесі ауыстырылуда. Бұл мақсатқа 15 миллион теңге бөлінген. Жұмыстарды 15 тамызға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Ермек Боранбайұлы жаңа оқу жылына де-йін бәрі дайын болуы тиіс деді. Жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуіне көңіл бөлінуін де қадап тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс