Назарда – техника қауіпсіздігі

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 6 қыркүйекте жұмыс бабындағы іс сапармен бірнеше нысандарда болды. Құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан шаһар басшысы оған жауапты мекемелердің жетекшілеріне нақты міндеттер жүктеді.

DSC_1100Қала әкімі неке қию сарайын мерзімінде тапсыруды талап етіп, «Сарыарқа» мөлтек ауданында құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үй мен 280 орындық балабақшаға барғанда, жұмысшылардың қауіпсіздігі бас-ты назарда болуы тиіс деді. Еске сала кетсек, жақында Көкшетауда екі құрылысшының басына кірпіш құлап, ауыр жарақатпен төсекке таңылған еді. Мұндай олқылық алдағы уақытта орын алмауы тиіс, ал кінәлілер заң бойынша жазаланады деді шаһар басшысы. Мұнда да сапаға баса мән берілуі керек. «Сарыарқа» мөлтек ауданында 38,6 гектар жердегі аумақта су құбырлары салынып жатыр.  Қаһарлы қыстың келетін уақыты да таяп қалды. Күздің қара суықтары мен жауын-шашынды күндері жұмыс істеуге кедергі келтіретіні аян. Дегенмен әр ашық күнді тиімді пайдаланған жөн.  Бірнеше нысанды аралап шыққан шаһар басшысы өндірістегі техника қауіпсіздігі басты назарда болуы тиістігін тағы да қайталап айтты. Барлық шаруалар өз мерзімінде аяқталуы тиістігін ескертті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс