Назарда: қарқын мен сапа

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 27 маусымда облыс орталығындағы құрылыс алаңдары мен жол жөндеу, аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.  Қала басшысы алдымен гуманитарлық-техникалық лицейдің жөндеу жұмыстарына назар аударды. Алдағы күндері білім ордасының жылу желілері жаңартылатын болады. Жоспарланған жұмыстар мерзімінде аяқталуға тиіс.

IMG_5222

Бұдан соң қала әкімі «Аққу» балабақшасында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын барып көрді. 1991 жылы салынған ғимараттың шатыры ауыстырылып, қабырғалары күрделі жөндеуден өткізілуде. Ғимараттың ескіргеніне қарамастан, мұнда бүлдіршіндердің білім алып, жан-жақты дамуына толық жағдай жасалған. Балабақша көз алдыңызға ертегідегі ғажайып сарайларды елестетеді. Мұндай кешен бұрынғы Кеңес Одағы тұсында Рига мен Санкт-Петербургта ғана болған. Қала басшысы Е.Маржықпаев «Жұлдыз» балабақшасында атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарын көріп, айналаны ретке келтіруді, абаттандыруды тапсырды. Балабақша ауласындағы бүлдіршіндерге арналған ойын алаңын көпке үлгі етуге болады. Айнала мұнтаздай таза. Балалар ойнайтын әткеншек пен демалып отыруға арналған орындықтар өз алдына үйлесім тапқан. Қоршаулары сырланып, ағаштары әктелген.
«Васильковка» мөлтек ауданындағы абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аулада жұмыс ауқымына асфальт төсеу, жиектастар орнату, балалардың ойын алаңы, көлік қоятын орын дайындау кіреді. Асфальттау жұмыстарын сапалы жүргізу ескертілді. Көгілдір Көкшетау биыл да көркем ғимараттармен толыға түспек. Солардың қатарында 900 орындық мектеп ғимараты да бар. Құрылыс қаланың жаңа мөлтек ауданында ек-
піндете салынып жатыр. Осындағы құрылыс жұмыстарымен танысқан қала әкімі жергілікті құрылыс материалдарын пайдалана отырып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды. Нысанды келер жылы пайдалануға беру көзделіп отыр. Атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көріп шыққан қала басшысы істің сапасын жоғары бағалады. Сыртқы келбеті көзтартарлық жаңа мектеп қала тұрғындарына керемет тарту болары сөзсіз. Сапар соңында қала әкімі «Сарыарқа» мөлтек ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер құрылысымен танысты.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс