Назарда – өскелең ұрпақ тәрбиесі

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрайымдық етуімен жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жыл сайын жоғары оқу орындары мен колледждерді бітірген мыңдаған жас маман жалақысы жоғары, тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілуде. Жас маман үшін қолайлы әлеу-меттік жобалардың бірі – «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының орындалу барысы жөнінде Көкшетау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шұқатова баяндама жасады. Оның хабарлауынша, былтыр бағдарлама шеңберінде 40 маман көтерме ақыға, 4 маман несиеге қол жеткізген. Биыл қала бойынша 64 маман 10 165,12 мың теңгенің көтерме ақысын, сондай-ақ, 16 адам баспана сатып алу үшін жалпы құны 3 403,5 мың теңгенің несиесін алған.

Конфессияаралық қатынастарды дамыту және сараптау орталығының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің маманы Зарина Тілегенова қаладағы діни ахуал туралы ақпарат берді. Баяндамашы экстремизм, терроризм идеяларының таралуына қарсы әрекет және оның алдын алу қазіргі таңда басты мақсат болып отырғанын, әсіресе, жастардың терроризм мен экстремизмнен бойларын аулақ ұстаулары қажеттігін атап өтті. Орталық мамандары осы жылдың 9 айы ішінде өңір жастары арасында 251 шара өткізіп, оған 10472 адам қатысқан. Сондай-ақ, тәуекел тобындағы жастар үшін тренингтер ұйымдастырылған. Орталықтың жұмысы діни ахуалға мониторинг жүргізу ғана емес, интернет кеңістігін де ұдайы назарда ұстайды. Биыл күмәнді ақпараттар жариялаған 100-ге жуық электронды мекенжайлар анықталды. Сонымен қатар, онлайн түрде бейнеформатта сұраулар мен акциялар өткізілді. Елімізде «Жасыл ел» және «Студенттік құрылыс жасағы» жобасы жемісті жұмыс жасауда. Бұл туралы «Жасыл ел» облыстық штабының менеджері Жәния Мұқашева баяндады. Соңғы он екі жыл ішінде өңірде 33800 адам 3,5 миллиард теңгенің жұмысын атқарған. Соның ішінде «Жасыл ел» жобасына қатысқан 10250 жас 12 мың гектар жерге 2,5 миллион түп ағаш көшеттерін отырғызған. Ауқымды жұмыстың 41 па-йызын Көкшетау қаласындағы экологиялық жасақтар атқарған.
Жыл сайын «Алғабас» оқу орталығында еңбек жасақтарының қатысушылары мемлекеттік тапсырыс аясында кәсіби дайындықтан өтеді. Алайда, еңбек жасақтарын жұмыспен қамту күрделі мәселе болып тұр. Қаладағы оқу орындарының көпшілігі аталған жоба бо-йынша жұмыс жүргізбейді. Соған қарамастан қалада 415 жас еңбек жасақтарында еңбек еткен. Осы орайда оқу орындарының базасында еңбек жасақтарын құру міндеті тұр. Көріктендіру жұмыстарымен айналысатын қоғамдық бірлестіктер, жеке кәсіпкерлердің жылыжай кешендері бар. «Бұқпа» орман шаруашылығы осы уақыт ішінде қала сыртында 170 мың түп ағаш отырғызған. «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары» арқылы облыс көлемінде жүргізіліп отырған ауқымды істерге араласып отырған жастар өз қатарластарына бұл жағынан үлгі боларлығы даусыз. Отырысқа қатысушылар күн тәртібінде қаралған барлық мәселені талқылауға белсене қатысты. Олар баяндамашыларға көтерме ақы, баспана мәселелері, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылға еңбек етуге баратын жастар үшін мемлекет тарапынан тұрғын үй алуға берілетін несие туралы сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды. Отырысты қорытындылаған А.Әміренова кеңес отырысында көтерілген мәселелердің маңыздылығын сөз етіп, халқымыз қай кезде де өскелең ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөліп отырғандығын ерекше атап көрсетті.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий