Насихат жұмысын жетілдіре түсейік

Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары Гүлмира Кәрімованың қатысуымен аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында нашақорлыққа қарсы насихатты күшейтуге арналған семинар өтті.

Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес жөніндегі басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Мейрам Жапбасов журналистермен жұмыс жасауда ерекше қарым-қатынасты қажет ететінін, өйткені, бұқарамен екі арада ақпарат жеткізіп, онымен күресті насихаттауда БАҚ өкілдерінің сауатты, дереккөздерін жария етуде абай болу қажеттігіне тоқтала келе, тәжірибесімен бөлісті. Облыстық наркологиялық диспансер бас дәрігерінің орынбасары Қайролла Жеңіс қатысушыларға есірткінің адам өмірінің өзгеруіне қаншалықты әсер етіп, өзгеріс әкелетінін байқап, талқылауды ұсынды. Өйт-кені, бұл мәселені олар естіп емес, өздері ішінде жүріп, сондай науқастармен күнбе-күн кездесіп, жүздесіп отырғандықтан журналистердің пікірін білу маңыз-
ды екенін жеткізді. Нашақорлардың санаулылары ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады. Қауіптен ұтылудың ең дұрыс тәсілі – оларды еш уақытта татып көрмеу. Бұл күрделі проблемаға қоғамның ғана емес, әркім өз мәселесіндей қарауы керек.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жетекшісінің орынбасары Дана Жантемірова өз сөзінде отбасында бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, соғұрлым тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын атап өтті. Бұл орайда орталық салауатты өмір салтын насихаттауда көп жұмыс атқаруда. Есірткіге әуестенгендер ішінде тәрбиеге көнбей, қанша жерден қоғамнан оқшаулап, тар қапаста ұстаса да, қанға сіңіп, дағдыға айналған дерттің құмарлық шеңгелінен оңайлықпен құтыла алмайтындары да бар. Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айналдырса, ауыл баласы көше тоздырып, арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз?
Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі, қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жасөспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Күннен-күнге психоактивтік заттардың зияндығына қарамастан оны қолданатын адамдардың саны артуда. Сонымен қатар, есірткі қолдану балаларды жиі қылмысқа итермелейді. Осыған байланысты қоғамдық қасіреттің алдын алу мақсатында жергілікті жерлерде оқушылар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күресте алдын алу жұмыстарының маңызы зор екенін ескерсек, бұл жұмыстың тиімді тәсілдерін әлі де жетілдіре түсу қажет.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс