Наурыз мейрамы он күн тойлануы мүмкін

Қазақстанда Наурызды он күн тойлау ұсынылды. Ашық НҚА сайтында Наурыз мейрамы тұжырымдамасын бекіту бойынша жоба пайда болды. Құжатқа сәйкес, Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі:

• 14 наурыз – «Көрісу күні»
• 15 наурыз – «Жайлау күні»
• 16 наурыз – «Шежіре күні»
• 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»
• 18 наурыз – «Игі істер күні»
• 19 наурыз – «Шымырлық пен
шеберлік күні»
• 20 наурыз – «Зияткерлік күні»
• 21 наурыз – «Ұлттық тағамдар күні»
• 22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні»
• 23 наурыз – «Жоралғы күні»

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. Наурыз мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», – делінген құжатта.
Концепцияға сәйкес мейрамның міндеттері мынадай:
1. Жалпықазақстандық рухани құндылықтарды нығайтатын қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту, ынтымақ-бірлікті арттыру;
2. Мейрам кезінде әр адам отбасына, ата-анасына барып, хал-жағдай сұрасу арқылы отбасы институтын күшейту;
3. Азаматтық бейбітшілікті сақтау, әлеуметтік әріптестікті және қайырымдылық жасау мәдениетін дамыту;
4. Этносаралық қатынастар мәдениетін дамыту, қоғамдағы достық пен сенімді нығайту;
5. Қазақстан табиғатының бірегейлігін, табиғатқа ұқыпты қарауды ұғыну, эко-
логиялық мәдениетті және елді мекен-дердің аумақтарын абаттандыру бойынша қоғамдық бастамаларды дамыту.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеялық құндылықтарын іске асыру мәтінінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өтудің мәні жоғары. Наурыз – үйлесімнің, береке мен бірліктің мейрамы. Бұл ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизмді қалыптастыру, сананың ашықтығын арттыру тұрғысынан маңызды мейрам», – делінген тұжырымдамада.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий