Наурыз мейрамға арналды

Жәрмеңкені ұйым-дастырушылардың айтуына қарағанда, бұл жолы 100 миллион теңгенің өнімі сатылды.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында Көкшетау қаласындағы Тәуелсіздік алаңы мен «Алтын ғасыр» сауда үйінің жанында «Қазақстанда жасалды» белгісімен ауылшаруашылығы тауарларын сату жәрмеңкесі өткізілді. Оған Зеренді, Бурабай, Сандықтау, Жақсы, Еңбекшілдер аудандарының және Көкшетау қаласының ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорындары қатысты.
МерекDSC_5427е қарсаңында өткізілетін дәстүрлі осындай жәрмеңкеде өздеріне аса қажетті азық-түлік түрлерін көбірек алуға асыққан қала тұрғындары таңертеңгі сегіз болмай кезекке тұрып жатты. Алайда, кезекке тұрғанымен қажетті тауарларын қолма-қол сатып алды. Өйткені, бұл жәрмеңкеде сатылған тауарлардың ассортименті өте мол болды. Және бағасы да тиімді, яғни әдеттегі нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзандау. Бұл жолы 31 тонна картоп, 24 тонна түрлі көкөніс, 77 тонна ет және ет өнімдері, 3,1 тонна балық, 11,2 тонна сүт өнімдері, 12 тонна ұн, 10 тонна қант, 5,5 тонна жарма және 4,3 мың литр өсімдік майы сатуға түсті. Мұнан басқа әрбір сауда нүктелерінде бал, шұжық, нан өнімдері, кондитер бұйымдары да тұтынушылар назарына ұсынылды. Кезекке тұрушылардың көптігіне қарамастан түске жетпей 265 мың дана жұмыртқа қолма-қол сатылыпты. Өйткені, 10 дананың бағасы 200 теңге болғандықтан тұтынушылар қызығушылық танытты. Әңгіме баға жайлы өрбігендіктен, айта кететін бір жәйт, бұл жолы жылқы еті 1100 теңге, шошқа еті 700 теңге, қара мал мен қой еті 900 теңге, үйрек 800 теңге, тауық 450-ден 700 теңге, шұжық 800-900 теңгеден, балық 350 теңгеден бастап сатылды. Азық-түлік тағамдарынан басқа тұтынушылар күнделікті тұрмысқа қажетті моншаға баратын сыпырғыш, аула сыпыратын сыпырғыш, оқтау, тағам турайтын тақтай, басқа да бұйымдарды сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бұл жолы 100 миллион теңгенің өнімі сатылса керек.

Сауда орындарын аралай жүріп, осында келген көкшетаулық тұтынушылардың пікірлері мен ұсыныстарына құлақ түрдік.
Қала тұрғыны Мәдина Есләмова: «Әдеттегідей базар аралап жүргенше керек-жарақ тағамды бір жерден сатып алу тиімді. Ол үшін ерінбей ерте келген жөн. Және де қолым босаған соң мен көпшілікпен бірге көркемөнерпаздардың әндерін тыңдап, дем алғанды ұнатамын».
Қала тұрғыны Ерден Ермеков: «Жәрмеңкеде сатылған ет өнімдерінің сапасы да, бағасы да көңілімнен шықты. Отбасымызбен бірге Наурыз мейрамын көңілді қарсы алатын боламыз».
Қала тұрғыны Любовь Николаева: «Мен бірде-бір жәрмеңкені құрғатпай келіп тұрамын. Және де жалғыз келмей, көршімді де ала келемін. Базардағыдай сергелдеңге түспей таза ауада емін-еркін қажетті тағамдарымды сатып аламын. Ауыр жүк көтеруге мүмкіндігім болмаған соң, керегін ғана аламын».

* * *

Ауа райының ылғалдылығына қара-мастан жәрмеңке өткен алаңда ерекше бір мерекелік ахуал қалыптасты. Өйткені, аудандардан келген өнерпаз жастар ән шырқап, би билеп көпшіліктің көңілін көтере білді. Тұтынушылардың да, сатушылардың да көңілін сергіту үшін ыстық бауырсақ пен буы бұрқыраған шай берілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс