Нақты қадам жасаймыз

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік универ-ситетінің ұжымы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін кезектен тыс Президент сайлауына қолдау білдірді.

Жиында сайлау науқанына дайындық шаралары сөз болды. Университеттің проректоры Аманай Сейітқасымовтың айтуынша, оқу орнында үш сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. 9  мамырдан кейін мұнда сайлау комиссияларының мүшелері кезекшілік атқарады: – 25 елден келетін бақылаушылар еліміздегі сайлау
процесін қадағалай-тыны белгілі. Саяси науқанда әр учаске қажетті құралдармен қамтылады. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің тізімі жарияланды. Қалада үйлер көптеп салынуда әрі көшіп келушілер де көбеюде. Сол себепті тұрып жатқан мекенжайы бойынша қай сайлау учаскесіне тіркелгенін білу үшін азаматтар 29-78-05 телефонына қоңырау шалуларына болады. 28 сәуірге дейін сайлауға қатысатын үміткерлердің есімі белгілі болады. Сайлауға үміткер ретінде тіркелу үшін 118 мың қол жинауы тиіс. 9 мамырдан кейін үгіт-насихат жұмыстары бас-талады. Университет атынан еріктілер де үгіт жұмыстарына тартылуы мүмкін. Университет қызметкерлері барша қазақ-стандықтарды бір адамдай сайлауға қатысуға шақырды.  Шара соңында университет ұжымы сайлауды қолдау туралы үндеу қабылдады.

Әсем ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий