Нысандардың жұмысына тыйым салынды

«Ақмола облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қаулыға сәйкес, азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, ауданы 500 шаршы метрден артық сауда ойын-сауық орталықтары, сау-
да үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер, аралас тауар дүкендері, павильондар (қойма үй-жайларынсыз жалпы ауданы ескеріледі) сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Сонымен бірге, келушілер санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге 4 шаршы метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, сауда ойын-
сауық орталықтары, сауда үйлері, сау-
да орталықтары, азық-түлік емес дүкендеріне сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Ал, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондары қызметіне тыйым салынады. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның, 1414 Call-орталығы және виртуалды ассистенттердің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09.00-ден 14.00-ге де-йін жұмыс істейді. Көкшетау қаласы ХҚКО бөлімдерінде, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-да азаматтарды қабылдау қатаң түрде Egov.kz немесе 1414 Call-орталығы алдын ала броньдау арқылы жүргізіледі», – делінген қаулыда. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий