Нұрын төккен

«Достар» мәдениет сарайында Наурыз мере-кесіне және Жастар жылына арналған дәстүрлі «Көкшетауға көктем келді» іс-шарасы өтті. Бұл жолғы мерекелік шараға өнер ордасының әртістері қатысты. Сахналық қойылым мен музыкалық композиция-лармен өрілетін шара барысында Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жібек Бағысова мейман ретінде дастархан басына шақырылып, жастарға наурыз көже дайындаудың жолдарын үйретті. Талантты актер Жарас Қалдаров шығармашылық жолдағы жаңалықтарымен бөлісті. Сондай-ақ, батырлықтың үлгісі болған Көкшетау техникалық институтының азаматтық қорғау аға және кіші сержанттары Бек-арыс Нұрмұханов, Мұрат Нұрғалиев, Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің студенті Темірлан Шәріпбаев та сахна төрінен орын алды. «Ақмола жас қанаты» байқауының жеңімпазы Әділ Балтабаев та мейман болып келіп, әнін тарту етті.

Назгүл Бәкірова, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий