Облыста Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы өтуде

2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша облысымыздағы жаппай білім беретін мектептердегі 3167 шәкірт Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан өтеді.

2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласындағы және Зеренді ауданындағы орта мектептің оқушылары үшін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде 21-23 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы өтеді. Тестілеу сынағының жаңа форматы бойынша шәкірттер 5 пәннен емтихан тапсырады. Көкшетау қаласы бойынша тест сынағын тапсыруға ниет білдірген 681 оқушының 350-і
21 маусымда алғашқы сынақты тапсырды. Осы оқиғаға байланысты өткен салтанатты митингіде сөз сөйлеген Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова жауапты бұл сынға қала мектептерінің тыңғылықты дайындық жасағандығын айтты. Бұған дейін шәкірттер өз қалауы бойынша мектепте емтихан тапсырыпты. Нәтижесі көңілдегідей. Соған қарағанда биылғы екі тест сынағы көкшетаулық шәкірттер үшін нәтижелі болады деген сенімдеміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс