Облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен 29 наурызда алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы өтіп, онда өңірдің саяси-экономикалық дамуына қатысты отызға жуық өзекті мәселе талқыланды. Сессияда сөз алған өңір басшысы Мемлекет басшысының облыс активінде айтқан нұсқауларына сәйкес ауылшаруашылығы өндірісі одан әрі дамытылып, туризм мен шағын және орта бизнес өркендей беретіндігін айтты. Ауқымды бұл шаралар алдымен облыс тұрғындарының әл-ауқат жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс.

Сессияда депутаттар алдымен облыстың 2017-2019 жылдарға арналған бюджетін пысықтап, өзгерістер енгізді. Осыған орай жыл басынан бері жинақталған қаражат ағымдағы жылдың жылу маусымын ойдағыдай аяқтауға, алдағы науқанға дайындық жұмыстарын дер кезінде бастауға жұмсалмақ. Бюджетте, сондай-ақ, әлеуметтік сала нысандарын салу және жаңғырту, тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымды жетілдіруге елеулі қаражат қарастырылған. Әлеуметтік салаларды дамыту және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіруге жете назар аударылмақ. Ол үшін бұл салаларға да арнайы қаражат бөлініп, материалдық-техникалық базасы нығайтылады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс