Облыстық пікірсайыс

Мектеп оқушылары арасында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының кубогы үшін өткен облыстық ашық пікірсайыс турнирінде көкшетаулық өрендер жеңіс тұғырынан көрінді.

Көкшетау қаласындағы қазақ тілінде оқытылатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернатында 15-16 сәуірде мектеп оқушылары арасында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының кубогы үшін облыстық ашық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің басты мақсаты – облыстағы мектепаралық пікірсайыс қозғалысын дамыту. Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы облыс шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыру. Пікірсайыс додасына Атбасар, Бурабай, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Шортанды, Целиноград аудандары және Көкшетау қаласынан қазақ тілінде 20 топ, орыс тілінде 13 топ, жалпы саны 100-ге тарта пікірсайысшылар қатысты.
Екі күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша мыналар жеңімпаз атанды: Қазақ лигасында: Бурабай ауданындағы №7 мектеп-лицейі бірінші орынды еншіледі. Ал, құрамында Мейіржан Намазбаев, Құрманәлі Иматов, Серікбай Үсен, Арсен Исжанов бар «Қазақ-түрік лицейі» мектеп-интернаты мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернатының «БИЛ» және «Алты алаш» тобы жүлделі екінші және үшінші орындарға ие болды. Орыс лигасында: құрамында Ақбота Сабержанова, Арина Кабулова, Динара Әутәліпова, Алуа Самтикова, Лина Егорова, Диляфруз Сартаева бар «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы мен №5 «Таңдау» мектеп-гимназиясының «Віg сіtу life», «Декаданс», «Феникс» топтары жүлделі алғашқы үш орынды бөлісті. Серікбай Үсен мен Ақбота Сабержанова пікірсайыстың «Үздік спикері» атанды. Турнирге қатысушылар Алғыс хаттармен, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен,
дипломдармен марапатталды.

Мейрамбек Закиров,
«Жас Ұлан» қоғамдық
бірлестігінің жетекшісі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс