Облыстық соттың жаңа төрағасы сайланды

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева мен облыс әкімінің орынбасары Егор Каппельдің, жергілікті мемлекеттік органдардың жетекшілері, алқа төрағалары мен аймақтағы судьялардың қатысуымен облыстық соттың ағымдағы жылғы бес айының қорытындысына арналған жиын болды.

Жоғарғы Соттың маманданды-рылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева жиынға қатысушыларды Ақмола облыстық сотының жаңа төрағасы Досжан Сарманқұлұлы Әміровпен таныс-тырды. Сот жүйесінде 28 жыл әр лауазымда жауапты қызметтер атқарған Досжан Сарманқұлұлының жаңа қызметте де өзін кәсіби жоғары деңгейден көрсететіндігіне, жинақтаған бай тәжірибесі мен білімін ел игілігіне арнайтындығына сенім білдірді. Бұған дейін Ақмола облыстық сотының төрағасы болып істеген Нұрғазы Әбдіқановқа Айгүл Қыдырбаева көпшіліктің атынан шынайы ықыласын білдірді. Нұрғазы Әбдіқанов жақында Алматы қалалық сотының төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминовты, Есіл аудандық сотының төрағасы Қазбек Әбішевті, Көкшетау қалалық сотының төрағасы Ринат Шақуановты, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрайымы Айсұлу Жұматованы да таныстырды. Бұдан кейін облыстық соттың ағымдағы жылғы бес ай ішіндегі атқарған жұмыс қорытындысы талқыланды. Күн тәртібіндегі бұл мәселе бойынша облыстық соттың сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов пен қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңадан сайланған төрағасы Раджаб Даминов есеп берді. Сот этикасы жөніндегі комиссияның төрайымы Светлана Рахметова есепті мерзім ішіндегі жұмысы туралы хабарлама жасады. Кеңесті қорытындылай келе Айгүл Қыдырбаева 2016 жылы Қазақстандағы сот жүйесін одан әрі дамытудың жаңа кезеңі басталғанын және бірлесе табанды іс-қимыл танытудың нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгендігін айрықша атап көрсетті. Осынау оң құбылыс ағымдағы жылы да өз жалғасын табуда. Жаңа процессуалдық ережелер мен құқықтық институттар, судьяларды іріктеу және лауазымдық баспалдақтармен жоғарылату жүйесі өз жемісін беруде. Респуб-ликамыздағы сот мекемелері қызметке қолайлы ғимараттарға орналасқан. Тұрғын үй мәселесі де ойдағыдай шешілуде. Жергілікті жерлердегі соттарға Жоғарғы Соттың бюджеттік қаржысы есебінен елеулі көмек көрсетілуде. Алайда, сот жұмысында әлі де болса нақтылы шешімін таппай отырған кемшіліктер де жоқ емес. Мәселен, Егіндікөл, Қорғалжын аудандарындағы медиация соттары сылбыр жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың өзінде мұнда қылмыстық және азаматтық істерді қарауда бірқатар кемшіліктерге жол беріліпті. Сөзін түйіндей келе Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын дұрыс жүргізу, сотта қаралатын істердің сапасына ерекше көңіл бөлу керектігін қадап айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс