Облыстық форум

«Достар» мәдениет сарайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде облыстық форум болды. Оның жұмысына елімізге танымал қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов, «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы Медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Форумда сөйлеген сөзінде қоғам қайраткері Мұрат Әбенов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты басқа елдерде қолданылып жатқан ізгі шараларды тілге тиек етті. Мәселен, Грузияда, міне, бірнеше жылдан бері заң жобаларына қоғамдық мониторинг өткізетін арнайы мемлекеттік орган жұмыс істейді екен. Онда қаралатын мәселелер парламентке, министрліктерге, басқа да қоғамдық ұйымдардың талқылауына жіберіледі. 2015-2020 жылдарғы Ақ-мола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын жүзеге асырудың басым бағыттары жайлы облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов әңгімелеп берді. Оның айтуынша, аймақта жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары белсен-ді түрде жүргізілуде. Әсі-ресе, кәсіпкерлер мен тұр-ғындар арасында әкімшілік кедергілерді жоюға, жем-қорлық тәуекелділікті азай-
туға ерекше көңіл бөлінуде. «Бірінші сыбайлас жемқор-лыққа қарсы Медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байғұлов сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі шараларды өз қаражатына өткізіп келеді екен. «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов сыбайлас жемқорлық тәуекелділігіне жол бермеу үшін алдымен әр адамның ары таза болуы керек. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге немқұрайлы қарауға болмайды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс