Облыстық футбол федерациясының төрағасы сайланды

Ақмола облыстық футбол федерациясы атқару комитетінің мәжілісі өтіп, онда биылғы атқарылған жұмыстар талқыланып, алдағы жоспарлар қарастырылды. Осы орайда атқару комитетінің мүшелері күн тәртібіндегі басты мәселеге тоқталып, Ермек Маржықпаевты бірауыздан облыстық футбол федерациясының төрағасы қызметіне лайық деп таныды. Жиналғандар Ермек Боранбайұлын жаңа қоғамдық қызметімен құттықтап, облыстағы футбол спортын дамытуға бағытталған барлық игі бастамаларына баяндылық тіледі.

– Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев бұқаралық спорттың дамуына айрықша көңіл бөліп келеді. Алда да аймақтағы аяқдоп спортын дамытуға бар күшін салады деп зор сенім артамыз, – деді Ақмола облысы футбол федерациясының вице-президенті Қанат Қожақов. – Маған сенім артқандарыңыз-
ға ризашылығымды білдіремін. Атқаратын іс ауқымды. Футболшылардың рухын көтеру қажет. Біздің футбол клубымыздың жанкүйерлері көп. Олар жергілікті аяқдоп шеберлері сынға түскенде ішкен асын жерге қо-йып, стадионға асығады. Ойыншыларға жақсы қолдау көрсетеді. Біздің міндетіміз – олардың үмітін ақтап, үздік атану. Алдағы ойындарды жеңіспен аяқтауға тырысу қажет, – деді федерацияның жаңа төрағасы. Ағымдағы жылы жерлес аяқдоп шеберлері жақсы нәтижелер көрсете алмай жүргені белгілі. «Оқжетпес» футбол клубының жанкүйерлері сүйікті командасының алдағы ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізіп, еліміздегі кілең мықты командалар ойнайтын жоғары топта қалатынына сенім артып отыр.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий