Облыстық әкімдіктің аппарат кеңесі

Облыстық әкімдіктің кезекті аппарат кеңесінде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Шаяхметов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатын сайлау қорытындылары туралы есеп берді. А.Шаяхметовтың хабарламасында атап көрсетілгеніндей, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат болып облыстық сайлау комиссиясында тіркелген 5 үміткердің біреуі Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Дәурен Зекенұлы Әділбеков болды. Оны депутаттыққа кандидат ретінде облыстық мәслихат, Көкшетау қалалық, Целиноград аудандық мәслихаты ұсынған-ды. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сайлауалды науқаны барысында ешқандай өтініш, арыз-шағым түспегендігін айтты. Бұл жолғы сайлау таңдаушыларды электрондық тіркеу арқылы өткізді. Таңдаушылардың бірлескен мәжілісіне ТМД бақылаушылары, Түркі мемлекеттері ынтымақтастық одағының ТМД Парламентаралық ассамблеясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссияларының атынан он бір халықаралық бақылаушы қатысты.

Дауыс беруге 271 депутат, яғни олардың жалпы санының 98,19 пайызы қатысты. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Д.Әділбеков таңдаушылардың 256 немесе 94,46 пайыз дауысына ие болды. Облыс әкімінің ағымдағы жылғы 29 маусымдағы өкімімен Дәурен Әділбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануына байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Облыс әкімі Дәурен Зекенұлын осы жеңісімен шын жүректен құттықтап, оған депутаттық қызметінде жаңа табыстар тіледі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс